2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 39-2 шешімі
(2020.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020.31.03. № 42-2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға арналған бюджет мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 54 693 022 мың теңге:
салықтық түсімдер - 30 012 039 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 316 489 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 315 567 мың теңге;
трансферттер түсімі - 19 048 927 мың теңге;
2) шығындар - 51 266 750 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 8 167 307 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 8 271 871 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 104 564 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 741 035 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 741 035 мың теңге:
қарыздар түсімі - 8 271 871 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 747 284 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 216 448 мың теңге.
2. 2020 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы шешімнің 4, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабы басшылыққа алынсын.